Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сарбаз Марат Барқұловтың өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметкер 13 жылға сотталды

Сарбаз Марат Барқұловтың өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметкер 13 жылға сотталды

Астанадағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған әскери сотында сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Сарбаздың өліміне қатысты "Батыс" аймақтық қолбасшылығының 25744 әскери бөлімі зениттік-артиллериялық взводының бұрынғы командирі Дамир Досов күдікті ретінде ұсталған. Оған Марат Барқұловты қасақана өлтірді деген айып тағылған еді.

Қанды оқиға 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Ақтаудағы "Оймаша" полигонында болған. Іс материалдарына сәйкес 22 жастағы Досов кезекшілікке түскен. Сондықтан оған табельдік қару мен оқ-дәрі берілген екен. Шатырға кірген соң ол Макаров тапаншасын сарбаздарға кезеп, Барқұловты атып жіберген.

24 қаңтарда өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Досовтың әскери дайындықтан өткенін, қаруды қолдануды үйренгенін ескере отырып, 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Автор
Данияр