Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
Фото: Бас прокуратура

Желіде мемлекет бюджеті мен олардың қалай жұмсалып жатқаны туралы видеолар жариялайтын, қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Оған алаяқтық пен ақша жымқырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол Алматы қаласының аумағында ұсталған.

“Бокаев С. жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде”, – делінген хабарламада. 

Санжар Боқаев – желіде мемлекет бюджеті мен олардың қалай жұмсалып жатқаны туралы айтқан қоғам белсендісі. 

Еске салсақ, бұған дейін ол Санжар Боқаев Қазақстаннан шаршап, көшіп кеткені туралы айтқан еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.