Алматыда биылғы наурыз айынан бері қамауда отырған белсенді Санжар Боқаевтың қылмыстық ісі сотқа жолданды.
Іс Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түскен. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді.
- Бүгін біз қорғап отырған азамат Санжар Боқаевтың ісі Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотқа түсті. Бірінші процестің қашан басталатыны әзірге белгісіз, – деп жазды қорғаушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Адвокаттың айтуынша, сот отырысының алғашқы күні әзірге белгіленбеген.