«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнатады - Қазақстан жаңалықтары

Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнатады - Қазақстан жаңалықтары

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға Ресей қаласында ескерткіш орнатады. Бұл туралы "Невские новости" басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Молдағұловаға ескерткіш орнату туралы қаулыға врионың губернаторы Александр Беглов қол қойды. Үш метрлік ескерткіш іргесі граниттен болатын қоладан жасалады. Молдағұлова көшесіндегі бесінші үйден батыс бағытқа қарай орнатылады. 

Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы басталмай тұрып, Ленинградта тұрған және сол қалада білім алған. Бұл Қазақстаннан шыққан батырға Ресей қаласында ескерткіш орнатудың бір себебі.

ҰОС кезінде ол екінші Балтық теңізі шебіндегі 22-ші әскердің 54-ші атқыштар бригадасында мерген болған. Әлия Молдағұлова жаудың 70 әскері мен офицерін мерт қылған. Ол 1944 жылы қаңтар айының басында Ленинград-Новгород операциясы кезінде көз жұмды. 


stan.kz
Автор
Арман