"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Санкциядағы Ресей экспорты 6 миллард доллардан аса шығын тартқан

Санкциядағы Ресей экспорты 6 миллард доллардан аса шығын тартқан

Ресейлік экспорттаушылар Батыстың экономикалық санкцияларынан 6 миллиард 300 миллион доллар шығынға батты. Бұл туралы Ресей экономикалық даму министрлігінің баяндамасына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Баяндамаға қарағанда, Еуропа одағы ресейлік тауарларға - 25, Украина - 22, Үндістан - 16, АҚШ 9 шектеу қойған. Ресей экономика министрлігі Вашингтон санкциясынан келген шығынды 1,1 миллиард долларға бағалайды. Ең көп шығынды Еуропа одағының санкциялары келтірген - шамамен 2,5 миллиард доллар.

Батыс санкцияларынан Ресейдің ең көп шығынға ұшыраған - металлургия (4 млрд доллар) мен ауыл шаруашылығы (шамамен 1 млрд доллар) салалары.

Соңғы бірнеше жылда Ресейге 62 ел санкция салған. 2018 жылдың соңындағы дерекке қарағанда, ресейлік тауарларға қарсы барлығы 159 шектеу шарасы қабылданған.


Азаттық
Автор
Жандос