Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Самұрық-Қазынаның" Басқарма басшыларына бір жылда 266 млн тг. сыйақы төленген

"Самұрық-Қазынаның" Басқарма басшыларына бір жылда 266 млн тг. сыйақы төленген

Ұлттық холдингтің 2020 жылғы қаржылық жағдайына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.


"2020 жылы "Самұрық-Қазына" Басқармасының бес мүшесі 266 миллион теңге алды. Бұл дегеніңіз — Басқарманың әр мүшесіне айына орташа есеппен 4,4 миллион теңгеден төленген. Айта кетейік, осы бес адамға арналған жиынтық сыйақы мөлшері 2019 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскен. Мәселен бір жыл бұрын ол 199,4 миллион теңге болған", — дейді FINANCEkaz Телеграм-каналы.


"Ал, жыл есебіне сәйкес, "Самұрық-Қазынаның" таза табысы 2020 жылы бар болғаны 8 миллион теңгеге (1%-дан кем) өскен. Ал жинтық жалпы кіріс 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға азайған. Айтпақшы, негізгі басқарушылардың сыйақысы туралы шетелдік ақпарат жылдық есептен жоғалып кетті", — делінген хабарламада.


Түсіндіре кетейік, жиынтық сыйақы дегеніміз — бір жылда берілген барлық ақшалай төлем. Оған жалақы, сыйақылар, бонустар және ақшалай ынталандырудың басқа да түрлері кіреді.

Автор
Данияр