Қордың баспасөз қызметі лауазымды қызметкердің ұсталуына байланысты ресми түсініктеме берді. Мекеме өкілдерінің мәліметінше, тергеуге негіз болған жағдай қызметкердің бұған дейін атқарған жұмысымен байланысты. Ал оның қордағы қазіргі міндеттеріне қатысы жоқ.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне байланысты мән-жайларға қатысты және қазіргі лауазымдық міндеттерін орындауына қатысы жоқ", – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті де аталған жағдайға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады. Дегенмен ведомство қылмыстық істің мән-жайын жариялаған жоқ. ҰҚК өкілдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайтынын түсіндірді.
Еске сала кетейік, 11 қарашада ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстағаны хабарланған болатын. Олар сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген.