ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Samsung телефондарын оңай бұғаттауға болатыны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Samsung телефондарын оңай бұғаттауға болатыны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

2014 жылдан бері құрастырылған Samsung смартфондарының оңай бұғаттауға болатын кемшілігі бар екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қауіпсіздік сарапшысы Матеуш Юрчик мәлімдеді. 

Сөзінше, кореялық ұйым әзірлейтін смартфондардың ең осал тұсы Skia графикалық қосымшасы арқылы суреттерді өңдеген кезде байқалған. Хаккерлер мұны пайдаланып ұялы телефондарды оңай бұғаттай алады екен. Осылайша олар телефоныңыздағы сізге қатысты барлық ақпаратқа оңай қол жеткізіп, тіпті, сіздің құрылғыңызды өзінің бақылауына алу мүмкіндігін иеленеді. 

Юрчик бұл кемшілік 2014 жылдан бері құрастырылған барлық Samsung смартфондарына қатысты екенін айтады. Бұл Android жүйесінің суреттің жаңа форматы енгізілгеніне байланысты дейді ол. 

Қазіргі таңда ұйым басшылығы жіберген қателіктерін түзеп, жаңа бағдарлама әзірлепті. Алайда жаңа бағдарламаны жүктеп үлгермегендердің саны беймәлім. 


stan.kz
Автор
Данияр