"Астананың" техникалық директоры болған Самат Смақов “Жетісудың” бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Оны команданың instagram-парақшасы мәлімдеді.
Аты аңызға айналған, Қазақстанның ең атақты футболшысы: 6 дүркін Чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы: 2004, 2007, 2008, 2009 жылдары. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы - 76 ойын. Жер жаннаты - Жетісуға қош келдіңіз дей отырып, Сізге сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! - деп жазды