KZNews.kz
Шоу-бизнес

Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Елдос Колобок пен оның әйелінен елінен кешірім сұрады

Ayzhan Sylanova

Оған дейін Елдос Кәдірханов дәрігердің жұбайының жүктілігіне қатысты пікірін құпияны бұзу деп бағалап, өз наразылығын білдірген. Ол жағдай жұбайының көңіліне ауыр тигенін айтып, медициналық этика талаптарының сақталмағанын алға тартқан еді.

«Біз жай ғана пациентпіз. Қызмет ақысын төлеп, ем алдық. Ешқандай жарнама немесе насихат жасаған жоқпыз. Бірақ болған жағдай көңілімізге қаяу түсірді», – деген болатын блогер.

Жауап ретінде дәрігер Перизат Байқошқарова өзінің сөздері дұрыс жеткізілмей, кей тұстары бұрмалануы мүмкін екенін айтып, шынайы кешірім сұрады.

«Айтылған сөздерім кейбір жандардың көңіліне ауыр тигенін естіп, қатты алаңдадым. Мақсатым – үміт сыйлау еді. Түсініспеушілікке нүкте қою үшін кешірім сұраймын», – деді ол видеода.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары