KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Саяхаттан самса жемеңдер": Алматыда самсаның үстінде жүрген тышқанға байланысты тексеріс басталды (видео)

• Еркебұлан
Тұрғындардың шағымынан соң санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді. Видеода тышқан самса, бәліштердің үстінде жүріп, жеп жатқаны көрсетілген. «Жігіттер, «Саяхаттан» самса жемеңдер. Тышқан аралап жүр», – дейді видео авторы. Осыдан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Саяхаттағы» дүңгіршекті тексерді. Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов: «Видеода көрсетілгендей тышқан жүрген «Донерная» дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы «Мерей» сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмысшылар киоск ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді», – деп жауап берді.
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →