Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сахна сыртында бидің түбін түсірген отандық жұлдыздар қызу талқыға түсті

Сахна сыртында бидің түбін түсірген отандық жұлдыздар қызу талқыға түсті

Желіде отандық шоу-бизнес қаймақтарының сахна сыртында жұлқына билеген видеосы тарап кетті. Бидің түбін түсірген әншілер желі оқырмандары арасында қызу талқыға түскен.

Аталмыш видеоны өзінің Instagram парақшасына Жазира Байырбекова жүктеген. Онда Тамара Асар, Ғаділбек Жанай, Досымжан Таңатаров, Мадина Сәдуақасова, Серікбол Сайлаубек және тағы да басқа жұлдыздар бой көрсетті.

Өнер иелері сахнаға шықпас бұрын, билеп қыздырынып алса керек.

"Саxнаның сыртында,финалға шығар алдында осындайлар болып тұрады" , - деген жазба қалдырған Жазира. Көпшілік бидің түбін түсірген әншілерге қатысты түрлі пікір қалдыруда.

Бірі олардың жақсы көңіл күймен бөліскеніне риза болса, енді бірі олардың жұлқына билегеніне шүйліккен.

"Сахна сыртындағы атмосфера ерекше екен", "Ғаділбек аға мен Досымжан аға күшті билейді екен" ,"Қандай тамаша көрініс, мерекелік көңіл күй ғой" , "Шошаңдамаса жүре алмайды" ,"Жұлқынып барлығы, ерсі көрінеді" , - деп жазуда көпшілік.

Автор
Бауыржан