KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Сағынып отырмын": Айман Талғатқызы Мединаға сапарын еске алды

• Қайсар Қанат
Айман Талғатқызы. Фото: әлеуметтік желіден

Ол Медина қаласына барған сапарынан естелік сурет жариялап, сол кезде болған ерекше жағдайды еске алды.

Айман Талғатқызының сөзінше, олар Мединаға жеткен кезде жүгін жоғалтып алған. Соған қарамастан, қарапайым сәттің өзінен қуаныш тауып, шүкір еткенін жазды.

"Екеуміз Мединаға жетіп, бірақ багажымыз жоғалып кеткен кез. Сол киіммен көшеде донер жеп, айран ішіп шүкір айтып отырған сәт. Бұл жерді басуды аңсап жүргендер қаншама. Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да жазбаға назар аударып, қасиетті жерге қатысты жылы пікірлерін білдірген.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →