Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын аударды.
Ол Медина қаласына барған сапарынан естелік сурет жариялап, сол кезде болған ерекше жағдайды еске алды.
Айман Талғатқызының сөзінше, олар Мединаға жеткен кезде жүгін жоғалтып алған. Соған қарамастан, қарапайым сәттің өзінен қуаныш тауып, шүкір еткенін жазды.
"Екеуміз Мединаға жетіп, бірақ багажымыз жоғалып кеткен кез. Сол киіммен көшеде донер жеп, айран ішіп шүкір айтып отырған сәт. Бұл жерді басуды аңсап жүргендер қаншама. Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да жазбаға назар аударып, қасиетті жерге қатысты жылы пікірлерін білдірген.