Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде ұтылып қалды

Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде ұтылып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Kznews.kz.


Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, Рыбакина жеңген болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қытайлық теннисші 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейк Циньвэньнің еншісінде кетті – 7:6 (7:4). Екіншісінде Елена есе қайырды – 6:3.

Алайда үшінші, шешуші сетте қытайлық теннисші басымдылық танытты – 6:1.

Екі сағат 27 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Циньвэнь 6 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е.Рыбакина өз тобындағы соңғы кездесуін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өткізеді.

Автор
Айбар