«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Тимур Рудосельский көкшетаулық клуб сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Келісімшарт бір жылға есептелген. «Оқжетпестен» ұсыныс түскесін, Қазақстанға қайта оралдым. Андрей Карповичтің арқасында әрі қарай дами түсемін деген ойдамын», - деді Рудосельский Prosports.kz порталына берген сұқбатында.
24 жастағы «Қайраттың» тәрбиеленушісі соңғы жарты жылда Израильдің «Хапоэль» клубында өнер көрсетті.
prosports.kz