"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратураның мәліметінше, шенеунікті ұстау шарасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департамен бірлесіп жүргізілген.

“Өз қатарындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазір қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Прокуратура толығырақ ақпаратты қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария ете алмайтынын айтты.

Мұрат Успанов – Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры Ол бұл қызметке 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалған. Бұған дейін ол Қостанай облысы Арқалық қаласының прокуроры болған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.