KZNews.kz
Шоу-бизнес

Роза Рымбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Instagram желісіндегі ресми аккаунтында алдағы уақытта өтетін жаңа концертін хабарлады.

«50 жыл сахнада! Жуырда!» – деп жазды Роза Рымбаева.

Роза Рымбаева – Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сондай-ақ «Парасат», «Құрмет» және Халықтар Достығы ордендерінің иегері. Ол эстрадамен қатар кино саласында да өнер көрсетіп, бірнеше деректі және көркем фильмге түскен. Ұзақ жылдар бойы жас әншілерге тәлім беріп, қазақстандық эстраданың дамуына зор үлес қосты.

Бүгінде Роза Рымбаева қазақ мәдениетінің айрықша символына айналып, ел арасында «Қазақ примадоннасы» атанып келеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары