Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева мәдениет және өнер саласында халықаралық сыйлықты иеленді. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
"Шығармашылығымның Украинада бағаланғаны үшін бақыттымын. Менің тыңдармандарым, оқырмандарым көп. Киевке келу мен үшін бақыт. Және әлі де көп рет келемін деп үміттенемін. Өзімнің бүгінгі жоғарғы мәртебемді, жоғарғы сыйымды ақтауға, осында жиі келіп, өз өнеріммен қуантуға тырысамын. Көбірек араласуға және адамдарға шынайы музыканы сыйлауға ұмтыламын. Музыка — біздің елдеріміздің, ұлттарымыздың арасындағы басты көпір. Себебі, ол рухани өмір", — дейді әнші.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz