«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанған, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығына орай елордада екі ірі ән кешін өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жарты ғасырлық өнер жолын қорытындылаған концерт кеші әншінің шығармашылығын қадірлейтін көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында Роза Рымбаева елге кеңінен танылған хит әндерін орындап, тыңдарман ықыласына бөленді.
Концертке қатысқан өнер иесінің жанкүйерлері кештен жиналған қаражаттың қайырымдылық мақсатқа бағытталатынын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, концерттен түскен қаржы «Балаларды реабилитациялық емдеу қорына» аударылмақ. Бұл бастама көпшіліктің жылы ықыласына ие болып, әлеуметтік желілерде де қолдау тапты.
Айта кетейік, Роза Рымбаева тек өнерімен ғана емес, қайырымдылық пен әлеуметтік бастамаларға үнемі атсалысып жүрген тұлға ретінде де кеңінен танымал.