Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

РОП операторының басқарушы директоры шәйнектің сымымен асылып өлген

РОП операторының басқарушы директоры шәйнектің сымымен асылып өлген

«Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсаған. Мұны Нұр-Сұлтан полиция департаменті растады, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

«Ер адамның мәйіті табылуына байланысты Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда қажетті тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Руслан Шәмшиев 2021 жылы «Оператор РОП» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қызмет атқарды.

Михаил Козачковтың жазуынша, Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымымен асылып қалған.

Сонымен қатар, бүгін осы мекеменің директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Онымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов та ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде хабарлады.

Автор
Нұрсұлтан