Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роналду өзінің Мессиден артық екенін айтты

Роналду өзінің Мессиден артық екенін айтты

Футболдан Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессимен бәсекелестігіне байланысты пікір айтты.

«Маған Месси жетіспей жүрген сияқты. Мен қай клубта ойнасам да барлық жерде табысқа қол жеткіздім. Ұлттық құрамамен де титул иелендім. Ал ол тек Испанияда ғана. Бұған қатысты басқа да дәлел келтіріп жатуды артық санаймын. Мен футболды құлай сүйдім, шақыртуларды қабыл алдым және фантастикалық деңгейдегі футболшыға айналдым.

Маған қарағанда Мессиге мен көбірек керек болып жүрген сияқтымын. Дегенмен оған дәл қазіргі сәттегі жағдайы ыңғайлы болса, маған да солай. Мен оны адам және әріптесім ретінде қатты құрметтеймін. Ол талантты ойыншы және адамгершілігі жоғары. Бірақ мен оны да, басқаны да сағынып, іздеп жүрген жоқпын» депті Роналду Gazetta dello Sport  газетіне берген сұхбатында.

Еске салсақ, әлемнің дәл қазіргі сәттегі ең үздік екі футболшысы Месси мен Роналду шашасына шаң жұқтырмай келе жатыр. Олар соңғы он бір жылда бес-бестен «Алтын допты» иеленді. Тек биыл ғана бұл мәртебелі сыйлық Лука Модричке (Реал) бұйырды. Месси Испания чемпионатындағы 13 ойында 11 рет көзге түссе, Роналду А сериясындағы 15 матчта 10 гол салды.

Абай Аймағамбет

Дереккөз: Айқын
Автор
Әлихан