KZNEWS.KZ
Қоғам

Риддерде жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесі табылды

• Айжан Сыланова
Фото: Infor.kz

Риддер қаласында жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеу қайғылы аяқталды. 5 мамыр күні кешке хабар-ошарсыз кеткен бала өлі күйінде табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін іздеу жұмыстары басталған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқушы Таловка ауданы аумағындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Келесі күні оның денесі табылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын жариялаған жоқ.

Кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →