KZNews.kz
Шоу-бизнес

Режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильмнің" басшысы қызметінен кетті

KZNEWS

Режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильмнің" басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Kznews.kz порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аты аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен кетті", - деп хабарлайды Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр режиссерге "Қазақфильм"Президентінің қажырлы, ең бастысы жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Ақан Сатаев президент қызметін 2020 жылдың 7 шілдесінен бастап атқарды.

Ол сонымен қатар SataiFilm киностудиясының негізін қалаушы.

Фото: Baq.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары