Reuters агенттігі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің денесі оның қираған резиденциясынан табылғанын растады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әли Хаменейдің өлі табылғанын агенттіктің жеке дереккөздері мәлімдеген. Бұған дейін Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін Әли Хаменейдің көз жұмғаны туралы белгілері барын айтқан.
«Бұл тиранның енді жоқ екеніне көптеген белгілер бар. Бүгін таңертең біз аятолла режимінің жоғары лауазымды өкілдерін, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларын, ядролық бағдарламаның негізгі тұлғаларын жойдық және мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы күндері террористік режимнің тағы мыңдаған нысандарына соққы жасаймыз», – деді Нетаньяху.