Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін жариялады: қатарда Бейбіт Әлібеков пен Азамат Маркленов бар

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін жариялады: қатарда Бейбіт Әлібеков пен Азамат Маркленов бар
Фото: nege media иллюстрациясы

Respublica партиясының кезектен тыс V съезінде алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізім бекітілді. Үміткерлердің қатарында кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов те бар, деп хабарлайды kznews.kz.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, тізімге енген әрбір кандидаттың Құрылтай жұмысына өз саласы бойынша үлес қосатын тәжірибесі бар.

«Біздің тізімдегі кез келген кандидат Құрылтай құрамына өте алады. Біз олардың әрқайсысы өз білімі, тәжірибесі мен кәсіби бағыты арқылы Құрылтайдың жұмысына және партияның қызметіне өз үлесін қоса алады деп сенеміз», – деді ол.

Партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков кандидаттарды іріктеу кезінде кәсіби тәжірибеге басымдық берілгенін айтты. Оның сөзінше, кәсіпкерлер партиясы болғандықтан, тізімге бизнесте және креативті индустрияда өзін дәлелдеген азаматтардың енуі заңды.

«"Ирина Кайратовна" тобының мүшесінің креативті индустрияны дамытуға қатысты көптеген ұсыныстары бар. Жастар арасында бұл сала қарқынды дамып келеді. Сондықтан әр кандидаттың ел дамуына қосар үлесі бар деп есептейміз», – деді Құспеков.

Сондай-ақ ол саясатқа тек кәсіби саясаткерлер ғана емес, әртүрлі саланың мамандары келуі керек деген пікір білдірді.

Партия ұсынған тізімге барлығы 76 кандидат енгізілді. Олардың ішінде 44 ер адам және 32 әйел бар. Үміткерлердің орташа жасы – 41 жас, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 14,5 пайызды құрайды.

Respublica мәліметінше, кандидаттардың 68 пайызы – кәсіпкерлер. Сонымен қатар тізімге ғылым, білім, агроөнеркәсіп, мәдениет, спорт, медиа, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері енген. Үміткерлер Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалардан ұсынылған.

Партиялық тізімде VIII шақырылым Мәжілісінің бес депутаты мен түрлі деңгейдегі жеті мәслихат депутаты бар. Партияның мәліметінше, кандидаттардың шамамен 70 пайызы – саясаттағы жаңа есімдер.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.