Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутатының тізімін бекітті

«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутатының тізімін бекітті
Фото: «Ауыл» партиясы

Бүгін «Ауыл» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін бекітті, деп хабарлайды kznews.kz.

Шешім 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша қабылданды. Сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды.

Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:

1.Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
2.Байманов Шахмардан Асқарұлы
3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
5.Иргибаев Мұрат Саматұлы
6.Каджибекова Ажар Елемесқызы
7. Киян Владимир Сергеевич
8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
9. Райханова Динара Қуанышқызы
10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы

Тиісті құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары сақталды. Олардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі — 60%.

Тізім кандидаттардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттері ескеріле отырып жасақталды және сапалы әрі теңгерімді құрамымен ерекшеленеді. Оның құрамында аграрлық сектор, мемлекеттік басқару, ғылым, бизнес және әлеуметтік саланың өкілдері бар.

Атап айтқанда, жаңа құрамға агрономдар, ветеринария мамандары, ғалымдар, биотехнология саласының сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия саласының мамандары енді. Жаңа фракцияның басты міндеті — партияның сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру. Депутаттар өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, отбасы мен жастарды қолдау және экология бағыттарындағы бастамаларды ілгерілетуге күш салады. Сонымен қатар партия құрамды жаңарту және кадрлық әлеуетті күшейту жұмысын жалғастырады.

Бекітілген тізімге енбеген кандидаттар арасынан партиялық кадрлық резерв қалыптастырылып, олар сараптамалық, қоғамдық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады. «Ауыл» партиясының басты мақсаты — сайлаушылардың сенімін ақтап, сайлауалды бағдарламаны нақты істер арқылы жүзеге асыру.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.