Тоқаев: Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауына өз үйінде дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауына өз үйінде дауыс берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Назарбаев дауыс беру үшін сайлау учаскесіне бармаған. Бұған оның денсаулығына қатысты жағдай себеп болған.

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында бел омыртқасына ота жасалған. Операциядан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты ол дауыс беру құқығын үйінде жүзеге асырған.

Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы бүгін, 23 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.