Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясымен мүлде таныс емес

Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясымен мүлде таныс емес

Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясын оқымаған.

«Левада» орталығы 12 желтоқсан күні ресейліктер арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін жариялады.  Зерттеу бойынша, әлеуметтік сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясын бір де бір рет оқымағандығын айтқан. Бірақ бір қызығы сауалнамаға жауап бергендердің 76 пайызы «Путин билігі Ата заң аясында жұмыс істеп жатыр» деп есептейді.

Ресей Конституциясы 1993 жылдың 12 желтоқсан күні жалпы халықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған. 1994 жылдан бастап 12 желтоқсан «Конституция күні» болып бекітілген. 2004 жылы Мемлекеттік Дума Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, 2005 жылдан бастап 12 желтоқсан мерекелік күндер қатарынан алынып тасталған.

"The Qazaq Times"

Автор
Әлихан