"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейлік журналист Иван Голуновтың ісін Тергеу комитеті алды

Ресейлік журналист Иван Голуновтың ісін Тергеу комитеті алды

Ресей бас поркуратурасы "Медуза" басылымының журналисі Иван Голуновтың ісін Тергеу комитетіне жіберді. Бұл туралы 1 шілдеде Голуновтың адвокаты Сергей Бадамшин айтты деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі

Дүйсенбі, 1 шілде күні бірқатар ресейлік БАҚ журналистің жерлеу бизнесі жайлы жүргізген зерттеуін жариялған. Голунов дәл осы журналистік зерттеуі үшін қудалауға түскенін айтқан.

Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голуновты биыл 6 маусымда Мәскеу орталығында "есірткі таратты" деген күдікпен полиция ұстаған.

Кейін Мәскеу және Ресейдің тағы он қаласында Иван Голуновты қолдау акциялары өтіп, оған қатысушылар журналистерді қудалаумен қоса қылмыстық істі қолдан құрастыруға наразылық білдіріп, құқық қорғау жүйесін ізгілендіру мәселесін де көтерген.

11 маусымда Ресей ішкі істер министрлігі Голуновтың ісін тоқтатып, журналисті сол күні кешке үйқамақтан босатқан. Министрліктің хабарлауынша, Голуновты ұстаған полицейлер қызметтен босатылған.

Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, есірткіні сөмкесіне қасақана салған деп мәлімдеген. Голуновтың әріптестері оған кәсіби қызметіне бола айып тағылды деп санайды.


Azattyq
Автор
Әлихан