Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді

Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді

Биыл күзде ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді. Қазақстандағы өнер ошақтарының ұжымы да көрші елдің көрерменін қуантпақ

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді. Бұл туралы Ресейдің мәдениет министрінің орынбасары Павел Степанов айтты.

"Биыл Ресейде театр жылы. Сондықтан біз осы салаға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Күзде Образцов атындағы қуыршақ театры, Красноярск опера және балет театрының гастролі болады. Сондай-ақ, "Астана Опера", Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қарағанды академиялық театры сынды қазақстандық театрлар да Ресейге барады", - деді Степанов Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының XXI отырысында.

© Sputnik / Владимир Трефилов

Ресейдің мәдениет министрінің орынбасары Павел Степанов

Степанов Қазақстан астанасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық әріптестік жөніндегі шағын комиссия отырысы өткенін айтты.

"Біз кино саласындағы әріптестік мүмкіндігін де талқыладық. Кино прокатының автоматтандырылған жүйесін құрудағы тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз", - деді ол.

Степановтың айтуынша, Ресей мәдени әріптестік аясында Қазақстанда Абайдың 175 жылдығын атап өтуге ерекше мән береді.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист