Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейге дрондарды қазақстандық компания жеткізіп келген

Ресейге дрондарды қазақстандық компания жеткізіп келген

Ресейге дрондарды қазақстандық "Аспан Арба" компаниясы жеткізіп келген. Бұл жөнінде “Важные истории”, Der Spiegel, Власть және OCCRP басылымдарының бірлескен зерттеуінде айтылады.

“Дрондарды сататын ресейлік компания қазақстандық жеткізушімен байланысқан. Журналистердің қолына Ресей кеденінен 2022 жылы қазақстандық "Аспан Арба" компаниясынан Ресейге 500-ден астам ұшқышсыз ұшақ әкелінгенін көрсететін мәліметтер түсті. Компания Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бірнеше ай өткен соң, 2022 жылдың сәуірінде тіркелген”, – делінген зерттеуде.

Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге 1,23 миллион долларға дрондар әкелінген. Дрондар әлі де нарықта бар, сондай-ақ сатылымда зымырандар мен саперларға қуат беретін чиптер де бар екені айтылады.

Ақпарат: http://t.me/stankznews

Фото: hromadske.ua

Автор
Әлихан