"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейден кетіп жатқан 56 шетелдік компания Қазақстанға келуге ниетті

Ресейден кетіп жатқан 56 шетелдік компания Қазақстанға келуге ниетті
Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni сынды ірі халықаралық компаниялар келіп те алған.

Ресейден кеткен 56 шетелдік компания өз бизнесін Қазақстанда жалғастырады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Қазір көптеген шетелдік компания Ресейден кетіп жатқанын көріп отырмыз. Біз осындай ірі компаниялардың тізімін құрдық. Олардың саны 300-ден асады. Олармен Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмысын жүргіздік. Бүгінде осы тізімдегі 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдірді. Қазір олармен релокация орны, мерзімі мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Әлихан Смайылов Мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, компаниялардың бір бөлігі оң шешім қабылдап, кеңселерін Қазақстанға ауыстырған. Олардың арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы басқа ірі халықаралық компаниялар бар.

Сондай-ақ премьер-министр Қазақстанда Toyota өндірісін ашу бойынша келіссөз жалғасып жатқанын атап өтті.
Автор
Нұрсұлтан