Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейден келген миллиардер «Қайрат» клубын сатып алмақ

Ресейден келген миллиардер «Қайрат» клубын сатып алмақ

2020 жылы оның компаниясы «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті





Бизнесмен Тимур Турлов Алматының «Қайрат» футбол клубын сатып алуы мүмкін.

Бұл туралы Ресейдің sport.ru порталы хабарлады.

Ол «Freedom Holding Corp» корпорациясының негізін қалаған кәсіпкер. Қазір осы компанияны басқарады.

Биыл бизнесмен Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанның азаматтығын алған соң, мамыр айында еліміздің ең ауқатты 50 кәсіпкерінің қатарына қосылды.

2020 жылы «Freedom Holding Corp» Қарағандының «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті. Содан кейін «Super Bol» жобасының демеушісі болды.

Енді Турлов істі болып отырған «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаевтың орнына клубты сатып алуы мүмкін деген дерек бар.




Автор
Айбар