"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде жол апатынан 5 қазақстандық қаза болды

Ресейде жол апатынан 5 қазақстандық қаза болды

Астана, BAQ.KZ. Ресейдің Орынбор облысында жол апатынан Қазақстанның төрт азаматы қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, жол апаты 28 қараша күні 13 сағат 50 минут шамасында Орынбор облысындағы Елшанка селосына жақын маңда, Орынбор-Соль-Илецск бағытындағы жолдың 52-ші шақырымында болған. Ауыр жүк көлігі мен "Фольксваген" жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан бес адам қаза болған. Жараланған екі адам ауыр халде Соль Илецк қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті қаза болған азаматтардың төртеуі Ақтөбе облысының тұрғындары екенін хабарлайды. Қаза тапқан тағы бір адамның қалтасында құжаты болмағандықтан азаматтығы анықталып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр