Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың алты жаңа оқиғасы тіркелді, оның ішінде бес науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Олардың үшеуі - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары және екеуі – Түркістан облысының тұрғындары. Пациенттер Ресеймен шекарадағы көлікпен өту жолындағы "Тасқала" бекетіннен жаяу жүріп өткен, байланыссыз термометрия кезінде шағымдары мен температурасы болмаған. Алгоритмге сәйкес, санитарлық-карантиндік пункттің эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарларға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Алтыншы науқас - коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасағанына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған 54 жастағы Орал тұрғыны.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін БҚО-да 92 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Жалпы, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2334 болды.
stan.kz