«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеген: БҚО-да COVID-19 анықталған науқастардың қайдан келгені белгілі болды - Қазақстан жаңалықтары

Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеген: БҚО-да COVID-19 анықталған науқастардың қайдан келгені белгілі болды - Қазақстан жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың алты жаңа оқиғасы тіркелді, оның ішінде бес науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Олардың үшеуі - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары және екеуі – Түркістан облысының тұрғындары. Пациенттер Ресеймен шекарадағы көлікпен өту жолындағы "Тасқала" бекетіннен жаяу жүріп өткен, байланыссыз термометрия кезінде шағымдары мен температурасы болмаған. Алгоритмге сәйкес, санитарлық-карантиндік пункттің эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарларға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Алтыншы науқас - коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасағанына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған 54 жастағы Орал тұрғыны.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін БҚО-да 92 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 

Жалпы, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2334 болды.


stan.kz
Автор
Айбар