Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде үйінді астында қаза тапқандардың саны 37 адамға жетті

Ресейде үйінді астында қаза тапқандардың саны 37 адамға жетті

Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін шығарды.

Соңғы мәлімет бойынша Магнитогорск қаласында көп қабатты үйдегі жарылыстан 37 адам көз жұмды, деп хабарлады sputniknews.kz.

Үйінді астынан соңғы рет шығарылған ер адам қайтыс болды. Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін тапты.

Магнитогорскідегі трагедия 31 желтоқсан күні таңертең болды. Газдың жарылуынан он қабатты тұрғын үйдің кіреберісі құлады. Өлгендер арасында алты бала бар.

Бұған дейін тірі қалған 11 айлық Ваня Фокин үйінді астынан шығарылды. Ол кереуетте құндақтаулы болғандықтан 22 градус аязда екі күн бойы жатып аман қалған. Бала ауыр халде Мәскеуге жөнелтілді. Баланың анасы мен ағасы аман қалды, әкесі апат кезінде жұмыста болған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Бауыржан