KZNews.kz
Спорт

Ресейде доп тебетін қазақстандық ойыншылар алаңға шықты

KZNEWS

Бүгін Ресей Премьер лигасының 19-шы туры аясында «Ростов» өз алаңында «Арсеналды» қабылдап, 0:0 есебімен тең тарқасты, деп жазады prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелерінің сапында доп тебетін қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ойынның 77-минутында алаңға шықты.

Ал Ресейдің екінші чемпионаты саналатын Ұлттық лиганың 26-шы турында «Сочи» командасы «Армавирді» қабылдады. Бұл ойында да алаң иелері сапында бір қазақстандық өнер көрсетті. Ойынның 67-шы минутында Акмаль Бахтияров алаңға шықты.

Матч 1:0 есебімен Бахтияровтың командасының пайдасына шешілді. 


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары