Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей кейбір азаматтар үшін шекараны ашады

Ресей кейбір азаматтар үшін шекараны ашады

Ресейліктер басқа елге оқуға, емделуге немесе іссапарға бара алады. Шетелдіктер де Ресейге емделуге кіре алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Ресей шекарасын ашып, азаматтарға басқа елдерге сапар шегуге рұқсат береді.

Ресейліктер шетелге туыстарын бағып күтуге, емделуге, жұмыс істеуге және оқуға шыға алады, деп хабарлады РИА Новости Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге сілтеме жасап.

Бұл туралы министрлер кабинетінің басшысы коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі төралқасының отырысында айтты.

Шетелдіктер де Ресейге емделуге кіре алады. Тиісті жарлықтарға қол қойылды.

Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді – Путин

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде COVID-19 вирусын 476 658 адам жұқтырды, оның 230 мыңнан астамы сауығып шықты, 5 971 адам қайтыс болды.

Мамандардың пікірінше, індеттің шарықтау шыңы өтті, сондықтан билік бұған дейін енгізілген шектеулерді біртіндеп алып тастап жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан