KZNEWS.KZ
Әлем

Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге не үшін нота жолдады?

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Дипломаттардың мәлімдеуінше, олар Ресей азаматының ұсталғанын ақпарат құралдарынан білген. Қазақстан билігінен ресми хабарлама түспеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас консулдық нота арқылы рэпердің қайда екенін, қандай жағдайда ұсталғанын және оқиғаның өзге де мән-жайын анықтауды сұраған. Қажет болған жағдайда онымен консулдық кездесу ұйымдастыруға рұқсат сұрамақ.

Navai 13 қазанда Қордай өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық полициясының мәліметінше, оның көлігінен есірткі табылған. Рэпер есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілінген.

15 қазанда сот оны екі айға қамауға санкция берген. Адвокаттары бұл шешімге шағым түсірген.

Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуге тиіс концерті де өтпей қалған. Көрермендерге шараның кейінге шегерілгені концерт басталуына төрт сағат қалғанда хабарланған.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →