Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейден 50 жылға қуылған Нұрлан Сабуровтың әйелі бизнесін сатты

Ресейден 50 жылға қуылған Нұрлан Сабуровтың әйелі бизнесін сатты
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жабу процесін бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Mash Telegram арнасының мәліметінше, Диана Сабуроваға тиесілі "ДС Ритейл" компаниясы жұмысын тоқтатуда. Аталған компания 2025 жылы сусындар мен темекі өнімдерін сатумен айналысу үшін тіркелген.

Соңғы бір жылда компания активтері 1 млн рубльге дейін өскенімен, наурыз айының басында кәсіпорынды жабу туралы өтініш берілген. БИР-Аналитик деректеріне сәйкес, Диана Сабурова – компанияның жалғыз құрылтайшысы. Қазіргі таңда фирманы жабу рәсімі 2026 жылдың 16 наурызынан бастап жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, РИА Новости ақпаратына сүйенсек, Диана Сабурованың Ресейде жеке кәсіпкерлігі әлі де тіркелген. Ол орындаушылық өнер мен жарнама қызметтері бағытында жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерлік 5 ақпанда, яғни Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге шектеу қойылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң тіркелген.

Айта кетейік, әзілкештің өзіне тиесілі "Сабр Продакшн" компаниясы Ресейде әлі де қызметін жалғастырып келеді. Бұл компания концерттер ұйымдастырумен айналысады. Алайда өткен жылдың соңында оның салық бойынша 18,5 мың рубль көлемінде қарызы болғаны белгілі болды.

Диана Сабурова (Әбішева) 1991 жылы Екатеринбург қаласында дүниеге келген. Ол С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде білім алған. 2010 жылдардың басында Нұрлан Сабуровпен шаңырақ көтеріп, бүгінде екі баланы тәрбиелеп отыр. 2014 жылы отбасы Мәскеуге көшкен. Соңғы жылдары Диана әлеуметтік желіде белсенді блог жүргізіп, отбасылық өмірі мен түрлі жобаларымен бөлісіп келеді.

Еске салайық, комик 6 ақпанға қараған түні Дубайдан Мәскеуге ұшып келген кезде Внуково әуежайында Ресей қауіпсіздік қызметі тарапынан ұсталған. Сол жерде оған Ресей аумағына кіруге тыйым салынғаны жөнінде ресми хабарлама табысталған.

Белгілі болғандай, бұл шешім 30 қаңтардан бастап күшіне енгенімен, Нұрлан Сабуров бұл туралы тек елге келген сәтінде ғана білген. Бірнеше сағаттан кейін ол Қазақстанға, нақтырақ айтқанда Алматыға қайта ұшып кеткен.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер