Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде жанармай қымбаттады: Қазақстанға қандай әсері бар?

Ресейде жанармай қымбаттады:  Қазақстанға қандай әсері бар?
Фото: ашық дереккөздерден

Көрші Ресейде инфляцияның өсу қарқыны қайта үдей бастады. Соңғы бір аптада тұтыну бағалары 0,25 пайызға өсіп, алдыңғы аптадағы 0,15 пайыздық көрсеткіштен едәуір жоғары болды дейді сол елдің сарапшылары.

Ал жылдық инфляция 5,85 пайызға дейін жеткен көрінеді. Сарапшылар бағаның бұлай өсуіне ең алдымен жанармай құнының қымбаттауы әсер етті деген пікірде. Өйткені, бір аптаның ішінде ғана бензин бағасы 3 пайызға, дизель отыны 2,7 пайызға өскен. Жалпы, жыл басынан бері Ресейдегі негізгі инфляция 3,94 пайыздық мөлшерлемені құраған.

Маңыздысы, еліміз үшін бұл үрдістің ықпалы айтарлықтай болып отыр. Өйткені, Ресей еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі саналады. Сондықтан көрші елдегі жанармай, азық-түлік және басқа да тауарлардың қымбаттауы уақыт өте келе Қазақстандағы баға деңгейіне де ықпал етуі мүмкін.

Экономистер мұны "импортталатын инфляция" деп атайды. Әсіресе, жанар-жағармай нарығына қатысты тәуекел жоғары. Егер Ресейде жанармай бағасы әрі қарай өссе, бұл Қазақстанның ішкі нарығына қосымша қысым түсіруі ықтимал. Қазіргі кезде елімізде бензин мен дизель бағасына мемлекеттік реттеу тетіктері қолданылып келеді.

Сонымен қатар, Ресейдің орталық банкінің ақша-несие саясаты да өңірлік нарықтарға әсер етеді. Қазір көршінің бас қаржы ұйымы негізгі мөлшерлемені небәрі 0,25 пайыздық тармаққа төмендеткенімен, бюджет шығыстарының ұлғаюына байланысты жоғары пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт сақтауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл Қазақстан үшін де маңызды белгі. Егер сыртқы инфляциялық қысым күшейсе, онда Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі де шектелуі ықтимал. Соның салдарынан несие құны жоғары деңгейде сақталып, инфляцияны тежеу саясаты жалғасуы мүмкін.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.