Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде 15 жастағы оқушы қыз жанармай құю бекетін өртегені үшін жеті жылға тәрбиелеу колониясына сотталды

Ресейде 15 жастағы оқушы қыз жанармай құю бекетін өртегені үшін жеті жылға тәрбиелеу колониясына сотталды
t.me/mediazona_exclusive

Ресейде 15 жастағы мектеп оқушысы Сайкал Вазирова Санкт-Петербургтегі жанармай құю бекетін өртегені үшін жеті жылға тәрбиелеу колониясына сотталды. Үкімді Бірінші Батыс округтік әскери соты 19 тамызда шығарған. Бұл туралы "Медиазона" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады kznews.kz. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2026 жылғы 23 ақпанда Вазирова Санкт-Петербургтің Приморский ауданындағы "Татнефть" жанармай құю бекетінің отын тарату бағанасына тез тұтанатын сұйықтық құйып, кейін оны өртеген.

25 ақпанда жасөспірім терроризм туралы іс бойынша қамауға алынған. Кейін айып күшейтіліп, оған елеулі мүліктік залал келтірген террорлық әрекет жасады деген айып тағылған.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, қызды өрт қоюға белгісіз адамдар телефон арқылы мәжбүрлеген болуы мүмкін.

"Ротонда" басылымының жазуынша, белгісіз адамдар Сайкалмен Telegram-дағы танысу боттары арқылы байланысқан. Олар қыздың геолокациясын алғаннан кейін одан әскери нысандар туралы ақпарат беруді сұрап, ақша ұсынған. Алайда Вазирова бұған келіспеген.

Осыдан кейін анонимді қолданушы оның геолокациясы бойынша дрондар жіберетінін айтып қорқытқан. Қыз хат алмасудың скриншотын жасап, "Қауіпсіз интернет лигасының" жетекшісі Екатерина Мизулинаға жолдағанымен, жауап алмаған.

Кейін оған өздерін "ФСБ өкілдеріміз" деп таныстырған адамдар хабарласқан. Олар Вазироваға мемлекетке опасыздық жасау бойынша іс қозғалғанын айтып, оны жанармай құю бекетін өртеуге көндірген. Олардың сөзінше, аталған бекетке "тыңшылар келген".

Қыз өрт қойғаннан кейін шамамен бір сағаттан соң ұсталған.

"Медиазона" мәліметінше, Сайкал Вазированың ата-анасы – Қырғызстанның тумасы. Қыз отбасының қаржылық жағдайына көмектесу үшін құрылыста жұмыс істеген.

Басылым дерегіне сәйкес, 2026 жылдың наурызына дейін Ресейде телефон алаяқтарының ықпалымен 300-ден астам өрт қою оқиғасы тіркелген. Мұндай жағдайларда алаяқтардың құрбандарының өзі кейін терроризм баптары бойынша қылмыстық істердің фигурантына айналып, ұзақ мерзімге сотталып жататыны айтылады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер