Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рэпер Qarakesek сотқа мәжбүрлеп жеткізілмек

Рэпер Qarakesek сотқа мәжбүрлеп жеткізілмек
Фото: Гәкку

Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев бүгін сот отырысына уақытын білсе де келмеген, деп хабарлайды kznews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қалалық сотында айыпталушы Омар Амантаевқа қатысты сот отырысы басталды. Qarakesek лақап атымен танымал әншіге Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Алайда ол бүгін сот отырысына келмеді. Алдымен қорғаушысы арқылы бірнеше минутқа кешігетінін хабарлағанымен, кейін мүлде қатыспайтыны белгілі болды.

— Сот отырысы күні мен уақытын біле тұра келмеді. Кешігіп келе жатқанын айтқан соң үзіліс те жарияланды. Алайда сотқа дәлелін келтірмеді. Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабы негізінде сотталушы Омар Амантаев сот отырысына мәжбүрлеп жеткізілсін. Сот отырысы 19-ақпан сағат 15:30–ға белгіленсін, — деді судья Т. Саликов.

Еске салсақ, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды.

Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық кодексінің 296- бабының 3-бөлігімен тағылған айып дәлелін тапса, әншіге 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 200 сағат жұмысқа тартылады. Тіпті 50 тәулікке қамалуы да мүмкін. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі