Көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов балаларды ұшақтарда тасымалдау шарттары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сәдуақас Байғабылов түсіндіргендей, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерді қалпына келтіру кезінде балалар, сонымен қатар ересектер де коронавирусқа қарсы теріс нәтиже туралы анықтамаға ие болуы керек.
"Әуе көлігін жолаушы ретінде пайдаланатын балаларда COVID-19 ауруы жоқтығы туралы анықтама және бетперде болуы керек", - деді көлік саласындағы бас санитарлық дәрігер онлайн-брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
"Кез-келген жастағы балалар үшін де, ересектерге де маска кию міндетті болып табылады. Қолымызға қолғап кию жайлы ешқандай талаптар жоқ", - деді ол.
stan.kz