«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Реанимация, кома: Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы аяусыз ұрып тастады - Қазақстан жаңалықтары

Реанимация, кома: Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы аяусыз ұрып тастады - Қазақстан жаңалықтары

Талдықорғанда 8 жастағы баланың өгей әкесі оны аясыз ұрып тастаған. Бала реанимация мен комаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Балалар қорғауда" жекеменшік қорының жетекшісі Жанна Ахметова Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Жазуынша, баланы соққыға жыққан кезде анасы үйде болған.

"2012 жылы туған бала Ш.К. 19.04.20 сағат 00.36-да өте ауыр жағдайда жедел жәрдемге түсті. Анамнезден анасымен бірге тұрған азаматтың ұрғанын анықтады. Жағдайы өте ауыр, 2-ші дәрежелі кома,  ӨЖЖ тыныс алу аппаратына қосылды, таңертең миын КТ-ға түсірді. Диагнозы - мидың ауыр дәрежеде зақымдануы, субарахноидальді қан кету. Кеуде және құрсақ қуысы органдарының зақымдануы. Травматикалық шок. Қарқынды терапия жүргізілді. Бүгінде бала өз бетінше дем алады, есін жиған, сөйлейді. Гемодинамика тұрақты. Ем жалғасады", - деп жазды Жанна Ахметова.

Оның ақпараты бойынша, полицияны көршілері шақырған. 

"Біз барлық қызметтермен байланыстамыз. Бұл әңгімеде ақ дақтар көп. Біз түсінеміз. Балаға кіргізбейді, карантин", - деп қорытындылады "Балалар қорғауда" жекеменшік қорының жетекшісі.


stan.kz
Автор
Айбар