ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Разия Рүстембекова | өмірбаяны

Разия Рүстембекова |  өмірбаяны

Разия Рүстембекова (1926–2003) 8 ақпанда Ақмола қаласында туған.

1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1951 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірген. 1956–1959 жж. Қазақтың көркем әдебиет баспасында редактор, 1959–1971 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болған. 1964 жылы «Б.Майлиннің драматургиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

1971–1983 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. Мұқан Иманжанов, Баубек Бұлқышев шығармаларын жинап, бастырған. Қазақ әдебиеті тарихы авторларының бірі.

Драматургия, әңгіме, комедия жанрына арналған сын-зерттеу кітаптары жарық көрген. Әдебиеттану саласында «Майлин драматургиясы» (1969), «Қазақ комедиясы» (1978), «Қазіргі қазақ әңгімелері» (1988) атты кітаптары шыққан. Көркем аударма саласында да еңбек еткен. «Үнді ертегілері», «Тамаша адамдар өмірінен» шағын әңгімелер, Д.Гулиа әңгімелерін қазақ тіліне аударған.

 

Автор
Бауыржан