Әлем

Рамзан Қадыров: Керек болса, ядролық қару қолданамыз

Рамзан Қадыров: Керек болса, ядролық қару қолданамыз

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Telegram-дағы Kadyrov_95 арнасында бейнежазба жариялап, Украина әскеріне сес көрсетті. Қадыров екі ел арасындағы соғысқа қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Рамзан Қадыров бейнежазбаны Путинді мақтаудан бастады. Оның әрекеті дұрыс екенін айтып, бұл соғыста жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, сөз арасында қажет болған жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтты.

«Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың саясатын қолдаймыз. Оның барлық бұйрығын орындаймыз. Керек болса, ядролық қаруды да қолдана аламыз. Бізбен ойнамаңдар, мен оның жаяу сарбазымын. Бұл үшін мақтанамын», – деді Рамзан Қадыров.

https://www.youtube.com/watch?v=S8mkdmzI3EU

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz