Танымал айтыскер ақын Дидар Қамиев ұлы Аңсағанның өмірден өткеніне он жыл толғанын еске алып, жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақын әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм баласының он жыл бұрын түсірілген бейнежазбасын бөлісіп, қысқа да болса, ауыр сағынышты аңғартатын сөз қалдырған.
«Қозымды соңғы рет көргеніме бүгін 10 жыл болыпты», – деп жазды Дидар Қамиев.
Бұл жазба желі қолданушыларының бейжай қалдырмай, ақынға қолдау білдіруіне себеп болды. Оқырмандары мен жанашырлары көңіл айтып, сабыр тіледі.
«Шапағатшы болсын!», «Аңсағанның әр қылығы әлі күнге көз алдымызда. Дилярамен қатар 6-сыныпта оқып жүрер еді… Ата-анасы мен бауырларына ұзақ ғұмыр берсін», – деп жазды көпшілік.